«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадығы № 1229 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1499 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 140-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 18-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:
көрсетілген Қағидаға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: