Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі 2012 жылғы 5 қазандағы № 670 және Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі 2012 жылғы 9 қазандағы № 161 бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. Мыналардың:
1) «Аралас теміржол-құбыр қатынасымен мұнай тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 309-І және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2003 жылғы 31 қазандағы № 215 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2645 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 15, 89-құжат );