(b) қандай да бір санатқа бөлінген қарыздың сомасы осы санаттағы барлық келісілген шығыстардан асып түссе, АДБ Қарыз алушыға хабарлау арқылы артық соманы басқа санаттың пайдасына қайта бөлуге құқылы.
Қарызды төлеу рәсімі
Егер АДБ-мен өзгеше келісілмесе, қарыз қаражаты АДБ-ның Қарыз төлеу бойынша анықтамалыққа сәйкес төленуге жатады.
КЕСТЕ
ҚАРЫЗ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ ЖӘНЕ АЛУ (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Тараз қаласының айналма жолы] Жоба) [Батыс Еуропа - Батыс Қытай Халық Республикасы халықаралық транзит дәлізі] | |||
САНАТЫ | АДБ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ НЕГІЗІ | ||
Нөмірі | Атауы | АДБ-ның қаржыландыруы үшін бөлінген жалпы сома $ Санаты | Қарыз шотынан АДБ-ның қаржыландыру пайызы |
1 | Жұмыстар | 95 000 000 | Шығындардың жалпы сұралатын сомасының 85 пайызы |
| Жиыны | 95 000 000 |
|
Жұмыстарды сатып алу
Жалпы ережелер
1. Жұмыстарды барлық сатып алу сатып алу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалуға және бақылауға жатады.
2. Осы қосымшада қолданылатын және осы Қарыз туралы келісімде басқаша айқындалмаған барлық терминдер сатып алу жөніндегі нұсқаулықта жазылған мағынаға ие болады.
Жұмыстарды сатып алу
3. Жұмыстар халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдері негізінде сатып алынатын болады.
4. Басқа шарттардан өзге, сатып алу рәсімі сатып алу жоспарында көрсетілген егжей-тегжейлі уағдаластықтар мен шекті құнға сәйкес орындалуға жатады. АДБ-мен алдын ала келісілген жағдайда ғана Қарыз алушы сатып алу рәсімін немесе шекті құнды түрлендіруге құқылы, бұл ретте барлық өзгерістер сатып алу жоспарына толықтыруларда көрсетілуі тиіс.
Келісімшартты тапсыру шарттары
5. Қарыз алушы:
(a) аяқталған ҚОӘБ-ні Қарыз алушының тиісті органдары мақұлдағанша;
(b) Қарыз алушы жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттарға ҚОӘБ-нің тиісті ережелерін енгізгенше, қоршаған ортаға тигізетін әсерді қамтитын жұмыстарға келісімшарттар бермеуі тиіс.
6. Қарыз алушы жұмыс жобасы негізінде түпкілікті ЖСҚЖ-ны дайындағанша және оны АДБ-ға ұсынғанша және осындай ЖСҚЖ-ға АДБ-ның мақұлдауын алғанша Қарыз алушы мәжбүрлеп қоныс аударуды қамтитын жұмыстарға келісімшарттар жасаспауы тиіс.
Өнеркәсіптік және зияткерлік меншікке құқықтар
7. (а) Қарыз алушы сатып алынған жұмыстардың барлығы (не жеке, не басқа тауарлар мен қызметтердің құрамында сатып алынған барлық компьютерлік аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді, компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) үшінші тұлғалардың өнеркәсіптік немесе зияткерлік меншікке құқықтарын немесе талабын бұзбауларын немесе қысым жасамауларын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
(b) Қарыз алушы жұмыстарды сатып алу бойынша барлық келісімшарттарда тиісті ұйғарымдар, кепілдіктер және егер қажет болса, осы тармақтың (а) тармақшасында көрсетілген жағдайларға қатысты мердігердің немесе өнім берушінің тарапынан залалды өтеу кепілдіктері қамтылғанына көз жеткізуге міндеттенеді.
АДБ-ның сатып алу туралы шешімдерді қарауы
8. Халықаралық конкурстық сауда-саттық рәсімдеріне сәйкес сатып алынатын барлық келісімшарттар АДБ-ның алдын ала қарауына жатады.
9. Қарыз алушы:
(а) келісімшарт бойынша жұмыстардың аяқталуына белгіленген кезеңнің ұзартылуына уақыт беруден;
(b) келісімшарттың шарттары бойынша кез келген өзгеріске, оның ішінде төменде ұсынылған (с) және (d) тармақтарын негізге ала отырып, тәртіпті кез келген өзгертуге келісуден немесе бас тартудан;
(с) келісімшарт бойынша жұмыстардың тәртібіне, жалпы сомада келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтатын өзгерістер енгізу мәселелері (мұндай күмән тудырмау үшін жалпы сомада кез келген алдыңғы немесе осындай шарт бойынша тәртіптегі немесе өкімдегі бір мезгілдік өзгерістер ескерілуі тиіс, немесе
(d) келісімшарт бойынша жұмыстардың, келісімшарттың бастапқы бағасының 15 %-ынан астамға (не ұлғаю не азаю арқылы) өзгеретін көлемдерінің өзгеру мәселелері, тіпті егер мұндай өзгерістің жалпы сомада шамамен жиынтық әсері келісімшарттың бастапқы бағасын ұлғайтпаса да. Күмән тудырмау үшін мұндай жалпы сомада кез келген алдыңғы немесе осындай шарт бойынша тәртіптегі немесе өкімдегі бір мезгілдік өзгерістер ескерілуі тиіс.
10. АДБ бекітуге берілген әрбір сұрау салуға АДБ-ның мұндай сұрау салуды алғанынан кейін жоғарыда көрсетілген 9-тармаққа сәйкес 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруі тиіс. АДБ анықтағанындай әрбір жағдайда мұндай жауап сұрау салудың: (а) бекітілгенін, (b) кері қайтарылғанын, (с) ол бойынша шешім қосымша ақпарат пен құжаттама алынғанша кейінге қалдырылғанын; немесе (d) ол бойынша шешім оны АДБ-ның сатып алу жөніндегі комитеті қарағанша кейінге қалдырылғанын білдіреді. Егер АДБ мұндай сұрау салуды алғанынан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап бермесе, сұрау салуды (егер бұл сұрау салу АДБ-ның сатып алу жөніндегі комитетінің қарауына жататын болса, ондайды қоспағанда) АДБ бекітті деп саналады. (с) жағдайында Қарыз алушы АДБ-ға сұраған ақпаратты немесе құжаттаманы кідіртпестен беруі тиіс және АДБ тиісті сұрау салуға АДБ-ны қанағаттандыратын сұратқан ақпаратын немесе құжаттамасын алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) жауап беруі тиіс. (d) жағдайында АДБ Қарыз алушыны сатып алу жөніндегі комитеттің шешімі туралы сатып алу жөніндегі комитеттің мұндай шешімді қабылдағанынан кейінгі 7 жұмыс күні ішінде (Манилада) хабардар етуі тиіс.
11. Қарыз алушы міндетті не мыналарды ККМ-нің:
(а) жоғарыда көрсетілген 9-тармаққа сәйкес АДБ мақұлдағаннан кейін 7 күн ішінде АДБ-ға мерзімдерді ұзарту, келісімшарттардағы өзгерістер (тәртібін өзгертуді қоса алғанда) мен олардан бас тартулар бойынша барлық құжаттардың көшірмелерін және келісімшарттарға қосымша келісімдерді ұсынуын, сондай-ақ
(b) жоғарыда көрсетілген 9-тармаққа сәйкес АДБ-ның алдын ала мақұлдауын қажет етпейтін келісімшарттар бойынша барлық жұмыстардың тәртібіне енгізілген өзгерістердің барлығының есебін жүргізуін және осындай есепті АДБ-ның қарауына әрбір 6 айда ұсынуын қамтамасыз етуге міндетті.
Жобаны орындау; қаржылық мәселелер
Іске асыру тәртібі
1. Қарыз алушы мен ККМ Жобаның БЖН-да жазылған белгілі бір іс-шараларға сәйкес іске асырылуына кепілдік беруге міндетті. БЖН-дегі кейінгі кез келген өзгерістер Қарыз алушы (ККМ арқылы) мен АДБ мұндай өзгерістерді бекіткенінен кейін ғана күшіне енеді. БЖН мен осы Қарыз туралы келісім арасындағы кез келген сәйкес келмеу жағдайында осы Қарыз туралы келісімнің ережелері басымдылық күшке ие болады.
Қоршаған орта
2. Қарыз алушы ККМ-ге жобаны және жобалық объектілерді дайындау, жобалау, салу, іске асыру, пайдалану және пайдаланудан шығару: Қарыз алушының (а) қоршаған ортамен, денсаулықпен және қауіпсіздікпен байланысты қолданылатын заңдары мен нормативтік актілеріне, (b) Қоршаған ортаға қатысты саясатына және (с) ҚОӘБ мен ҚОБЖ-да жазылған барлық шаралар мен талаптарға және Мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс-қимылдарға сәйкес болуына кепілдік беруді тапсыруы тиіс. Қарыз алушы ККМ-ге ҚОБЖ-ның жаңартылған нұсқасын жұмыстар басталғанша ұсынуды тапсыруға міндетті.
Жер сатып алу және қоныс аудару
3. Қарыз алушы ККМ-ге:
(а) жұмыстарды орындауға арналған тиісті келісімшартта келісілген кестеге сәйкес Жоба үшін қажетті барлық жер учаскелері мен бөлу жолақтары келісімшарт бойынша жұмыстарды орындау үшін қол жетімді болуына; және
(b) барлық сатып алынған жерлер мен қоныс аудару бойынша іс-шаралар: Қарыз алушының (і) жер сатып алумен және мәжбүрлеп қоныс аударумен байланысты қолданылатын заңдары мен нормативтік актілеріне, және (ii) ЖСҚЖ-ның шаралары мен талаптарында көзделгендей мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясатқа және мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс-қимылдарға сәйкес жүзеге асырылуына көз жеткізуді тапсыруы тиіс.
4. Мәжбүрлеп қоныс аудару саласындағы саясаттың немесе ЖСҚЖ-ның қолданылуына шектеу қоймастан Қарыз алушы ККМ-ге мыналар:
(а) Қарыз алушы түпкілікті ЖСҚЖ бойынша АДБ-ның мақұлдауын алғанша және бұл ЖСҚЖ тиісті тұлғаларға ашық жарияланғанша; және
(b) өтемақылар мен басқа да төлемдер зардап шеккендерге ЖСҚЖ-ға сәйкес берілгенше;
(с) тіршілік ету үшін жиынтық табыс пен қаражат бағдарламасы ЖСҚЖ-ға сәйкес жасалғанша, және
(d) Қарыз алушы осы тармақтың талаптарын орындау бойынша Қарыз алушы мен АДБ тағайындаған тәуелсіз сарапшы растаған есепті АДБ-ға ұсынғанша және АДБ бұл баяндаманы мақұлдағанша Жобаға байланысты не жан басының не экономикалық қоныс аударудың орын алмауын қамтамасыз етуді тапсырады.
Жергілікті халық
5. Қарыз алушы ККМ-ге ҚШС-тің мән-мағынасы бойынша Жоба жергілікті халыққа қандай да бір әсер етпейтініне кепілдік беруді тапсыруы тиіс. Егер осындай әсер орын алатын болса, онда Қарыз алушы ККМ-ге Қарыз алушының және ККМ-нің жергілікті халықтарға байланысты қолданылатын барлық заңдары мен қағидаларына сәйкес жергілікті халық бойынша жоспар дайындауды, жария етуді және іске асыруды тапсыруы тиіс.
Саясаттардың талаптарын іске асыру бойынша адам және қаржы ресурстары
6. Қарыз алушы ККМ-ге ҚОБЖ мен ЖСҚЖ-ны толығымен жүзеге асыру үшін қажетті бюджет және адам ресурстарын беруді тапсыруы тиіс.
7. Қарыз алушы ККМ-ге жұмыстарды орындауға арналған барлық тендерлік құжаттар мен келісімшарттар мердігерлерді мынаған:
(а) ҚОӘБ-да мен ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да жазылған, мердігерге қатысы бар шаралар мен мониторинг нәтижелері туралы баяндамаларға қатысты саясатта жазылған кез келген түзетуші және түсіндіруші іс-қимылдарды сақтауға;
(b) осы экологиялық және әлеуметтік шаралардың барлығына бюджет қаражатын беруге; сондай-ақ
(c) ККМ-ге экологияға, қоныс аударуға (оның ішінде жерді уақытша сатып алуға және қоныс аудару бойынша іс-шараларға, сондай-ақ тиісті тұлғалармен жасалған келісімдерге) немесе жергілікті халықтармен және Жобаны салу, іске асыру немесе пайдалану процесінде туындаған және ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да қаралмаған әсерлерге байланысты алдын ала көріп-білу мүмкін болмаған кез келген тәуекел туралы жазбаша хабарлама беруге міндеттейтін ережелерді қамтитынына кепілдік беруді тапсыруы тиіс.
Мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясат
8. Қарыз алушы ККМ-ге мыналарды орындауды:
(a) АДБ-ға (і) құрылыс кезеңінде әр жарты жылда бір рет және (ii), жыл сайын пайдалану кезінде мониторинг нәтижелері туралы есептерге қатысты саясатты ұсынуды және ұсынылғаннан кейін кідіртпестен осындай есептердегі тиісті ақпаратты тиісті тұлғаларға жария етуді;
(b) Егер Жобаны салу, іске асыру және пайдаланудың қандай да бір кезеңінде ҚОӘБ, ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да көзделмеген қоршаған орта және/немесе оған әсерге қатысты тәуекел туындаса оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттай отырып, мұндай тәуекелдердің туындауы мен әсері туралы АДБ-ны кідіртпестен хабардар етуді;
(c) жұмыстарды орындауға арналған келісімшартты жасасқан күннен кешіктірмей, АДБ үшін қолайлы іріктеу процесі мен техникалық тапсырма шеңберінде білікті және тәжірибелі сыртқы сарапшыларды (бұл сарапшылар Қарыз алушы мен АДБ арасындағы № 2503 қарыз шеңберіндегі жобаны басқару жөніндегі бюджеттен қаржыландырылатын болады) тағайындауды, Жобаның мониторингі арқылы алынған ақпаратты тексеруді, сондай-ақ осындай сыртқы сарапшыларды тексеру бойынша кез келген қызметті жүргізуге жәрдемдесуді, және
(d) ҚОБЖ және ЖСҚЖ-да жазылған шаралар мен талаптардың сақталуын кез келген іс жүзіндегі немесе әлеуетті бұзушылықтар туралы мұндай бұзушылықтар туралы белгілі болғаннан кейін дереу хабарлауды тапсыруы тиіс.
Тыйым салынған инвестициялар тізімі
9. Қарыз алушы Қарыздың ешқандай қаражаты ҚШС-ның 5-қосымшасында көзделген тыйым салынған инвестициялық қызмет тізіміне кірген қандай да бір қызметті қаржыландыруға пайдаланылмауын қамтамасыз етуі тиіс.
Еңбекті қорғау
10. Қарыз алушы ККМ-ге құрылыс мердігерлерінің: (a) қолданылатын негізгі еңбек стандарттарын, еңбек заңнамасын және жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің тиісті нормаларын қолдануды; (b) ерлер мен әйелдерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді; (c) жолдарды салу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар кезінде балалар еңбегін пайдаланбауды; (d) жұмысқа қойылатын талаптарды баламалы орындау және тиімділік шартымен жобаның құрылыстық мақсаттары үшін жергілікті аз қамтылған және тұрмысы нашар халықты ықтимал көлемде барынша жұмысқа орналастыруды; және (e) тәжірибесі бар және тәжірибесі жоқ жұмыс істейтін әйелдерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілуін қамтамасыз етуді тапсырады.
Денсаулық сақтау
11. Қарыз алушы ККМ-ге АИТВ/ЖИТС-ны қоса алғанда, жыныстық жолмен тарайтын аурулардың тәуекелдері туралы ақпараттың Жобаның шеңберінде тартылған мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері арасында және Жобалық жол тікелей жақын тұратын жергілікті тұрғындар арасында таратылуын қамтамасыз етеді.
Бірлесіп қаржыландыру
12. Қарыз алушы осы Қарыз туралы келісімнің 4.02-бөлімінің жалпы мағынасын шектеместен, ККМ үшін жыл сайын бөлінетін бюджет қаражаты түрінде жобаны уақтылы және тиімді орындау үшін қажетті бірлесіп қаржыландырудың барлық қаражатына қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндеттенеді және қажетті ресурстар уақтылы ұсынылатынына көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы ККМ-нің жобаны іске асыру үшін қаржыландырудағы барлық өзгертілген қажеттіліктерді өзінің жыл сайынғы даму бағдарламаларына енгізетініне көз жеткізуге міндеттенеді. Қарыз алушы (і) осы Жобаны іске асыруға байланысты кез келген артық шығысты қаржыландыруға және (ii) АДБ-дан осы Жобаға байланысты артық шығыстарды қосымша қаржыландыру беруін сұрамауға міндеттенеді және келіседі.
Құрылыстың сапасы
13. Қарыз алушы ККМ-ге жобаның қолданылатын техникалық ерекшеліктер мен жоспарларға сәйкес орындалуын және құрылысты қадағалау, сапаны бақылау және жобаны басқару қолданылатын стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырады.
Заңсыз саудаға жол бермеу
14. Қарыз алушы жобалық жолда адамдарды, жабайы жануарларды, сирек кездесетін жануарларды және бақыланатын заттарды заңсыз сатуды анықтау және болғызбау үшін заңнамада көзделген сенімді әрі қатаң шаралардың орындалуын толығымен қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
15. Қарыз алушы мен ККМ: (а) АДБ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі саясатын (1998 жылғы, қазіргі уақыттағы түзетулерімен) қолдануға міндеттенеді және АДБ-ның тікелей не өзінің агенттері арқылы Жобаға қатысты барлық болжамды сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, астыртын сөз байласу немесе мәжбүрлеу жағдайларын тексеруге; және (b) толыққанды ынтымақтастыққа және осындай кез келген тексерудің қанағаттанарлық аяқталуы үшін қажетті қолдау көрсету жолымен мұндай тексерулерге құқылы екендігімен келіседі.
16. Қарыз алушы ККМ-ге АДБ-ның барлық мердігерлердің, өнім берушілер мен консультанттардың, сондай-ақ Жобаға қатысы бар қызметтерді көрсетушілердің жазбалары мен шоттарына аудит жүргізу және тексеру жүргізу құқығын айқындайтын ережелерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің АДБ-ға қолайлы ережелері барлық келісімшарттар мен тендерлік құжаттарда қамтылуын қамтамасыз етуге тапсырма береді.