Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 Қаулысы
(2010.04.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.04.10. № 150 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы редакция 2012 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 14-2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ брокерлік және дилерлік қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 129 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4730 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.30.04. № 59 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)