Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1530 Қаулысы
(2015.23.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 759 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2013.22.11. № 1254 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. ҚР Үкіметінің 2015.23.12. № 1034 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 340-құжат);
2) «Үлескердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 164 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 395-құжат).