(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

 

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 557-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

557-бап. Салық құпиясы

1. Мына мәліметтерді:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;

2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;

5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;

6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:

сәйкестендіру нөмірі;

жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;

қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;

салық төлеушінің резиденттігі туралы;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

9) салықтық тексеру жоспары туралы;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

10) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептілігiн табыс етпеуi туралы мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi (салық агентi) туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:

1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;

2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;

3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.

Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 19 бабына сәйкес 557-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

10) банкроттық саласындағы уәкілетті органға береді.

Банкроттық саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді.

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді. Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды беру тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп белгілейді.

4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

558-бап. Салықтық зерттеу

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салықтық зерттеу - салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық қызметі органдары:

тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) іс жүзінде болуын немесе болмауын растау;

осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсыру;

осы Кодекстің 608-бабының 1-1-тармағында көрсетілген жағдайда салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны тапсыру;

салық төлеушіге (салық агентіне) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсыру мақсатында жүзеге асыратын салықтық бақылаудың өзге нысаны.

Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мыналар:

1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру актісін, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсырудың мүмкін болмауы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы себепті салық қызметі органы хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберген осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген хабарламаны почта немесе өзге байланыс ұйымының қайтаруы;

Бұл ретте банк шоты бар салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты осы тармақшада көзделген негіз бойынша зерттеу осындай хатты почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 608-бабының 1-2-тармағында көзделген жағдайда қолданылмайды;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттілік салықтық зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылады.

3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

актінің жасалған орны, күні мен уақыты;

актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

салық қызметі органының атауы;

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген салық төлеуші өзінің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде орналасқан жері бойынша болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме табыс етуге міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды.

 

559-бап. Куәгерлердің қатысуы

1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:

1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді, мүлік тізімдемесінің актісін, салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актісін және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;

3) нұсқаманың негізінде жүргізілетін, салық салу объектісі және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеу;

4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;

5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.

2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеуші (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.

6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:

1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

2) салық қызметі органының атауы;

3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;

4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;

6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.

7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.

9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.

 

 

81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ  ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

 

560-бап. Жалпы ережелер

1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.

2. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы - салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

3. Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

электрондық салық төлеуші ретінде;

қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;

салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша;

жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын, осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері - азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері - салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;

3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері - құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;

4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері - салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері, - директорлар кеңесінің жиналысында немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері - шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.

Бұл ретте осы Кодекстің 204-бабына сәйкес салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі туындайтын Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын орны болып танылады.

 

 

§ 1. Салық төлеуші ретінде тіркеу

 

561-бап. Жеке, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық  бөлімшесі туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізу

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы Кодекстің 562-бабының 6-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық органы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде жеке, заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі берілгеннен кейін жүзеге асырады.

2. Салық органдары салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына мыналар туралы:

1) жеке тұлға, оның ішінде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам - тұрғылықты немесе болатын жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) резидент заңды тұлға және оның құрылымдық бөлімшесі, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлға - орналасқан жері бойынша;

3) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға - тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды.

Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, актив құндарының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында, 200-1-бабының 1-тармағының 8) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес - бағалы қағаздары немесе қатысу үлестері сатып алынатын заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік сатып алушы, осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды;