«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 532 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
01 «Табыс салығы» сыныбында:
2 «Жеке табыс салығы» кіші сыныбында:
03 «Қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы» ерекшелігі алып тасталсын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
01 «Тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын шығындар» сыныбында:
160 «Басқа да ағымдағы шығындар» кіші сыныбы бойынша:
мынадай мазмұндағы 168-ерекшелікпен толықтырылсын:
«168 Сатып алынатын тауарлар, қызмет көрсетулер мен жұмыстар бойынша ҚҚС сомасын өнім берушіге аудару»;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мемлекеттік тілде жазылсын
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелігі құрылымында:
110 «Жалақы» кіші сыныбында:
112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша:
«Шығындар тізбесі» бағаны мынадай редакцияда жазылсын: