ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1519 қаулысымен
бекiтiлген
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін,
авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушыларының тауарларына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН-код) беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушыларының тауарларына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН-код) беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінде (бұдан әрі - салық департаменті), сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.