ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1519 қаулысымен
бекiтiлген
«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару»
мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
«Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 644-650-баптарына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);
2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталықтың (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.
5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі БКМ тіркеу карточкасын беру, фискалдық жұмыс режимін орнату және БКМ пломбасын қою, қолма-қол ақшаларды және тауар чектерін есепке алу кітабына салық органы басшысының қолымен және салық органының мөрімен куәландыру, БКМ пломбасының бүтіндігін бұзуға рұқсат беру, БКМ есептен шығару не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжделген бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет БКМ қолдану міндеті таралатын салық төлеушілерге - БКМ қолданудан босатылғандарды қоспағанда, қолма-қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы аумағында ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын салық төлеушілерге (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
БКМ қолданудан: