«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді беру» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы және (немесе) болуы туралы мәліметтер, салықтың міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болуы шартымен www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: толық автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 13-бабы 1-тармағының 7)-8) тармақшаларына, 598-бабы 1-тармағының, 20-бабы 1-тармағының 15) және 21) тармақшаларына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) порталда;

3) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.