ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 30 қарашадағы
№ 1519 қаулысымен
бекiтiлген
«Салық резиденттігін растау»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
«Салықтық резиденттілікті растау» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Салық резиденттігін растау» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық департаменттерінде (бұдан әрі - салық департаменті) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 225-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында жасалған қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенциялардың ережелеріне сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);
2) салық департаментінің стенділерінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтарының (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да беріледі.
5. Салық департаментінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі белгілеген нысанда резиденттігін растайтын құжатты беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы резиденттеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.
7. Салық департаментінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) резинденттікті растайтын құжатты беру - алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды берген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.