«Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

«Дара кәсіпкерлерге патент беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік қызметін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына, 426-432-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Call-орталығының (8 (7172) 58-09-09) телефоны арқылы да берілуі мүмкін.

5. Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі патент беру немесе патент беруден бас тарту туралы шешімді беру, патенттің телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы Орталықтың уәжделген жауабы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мынадай шарттарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) дара кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңi үшін табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 200 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсіпкерлер - шағын бизнес субъектілеріне (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.

Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.