«Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттiк қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1519 қаулысымен бекiтiлген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1519 қаулысымен

бекiтiлген



«Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту»
мемлекеттiк қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

«Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. «Салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) Қазақстан Республикасының салық органдары көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 20-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына47-52-баптарына, 2001 жылғы 12 маусымдағы Салық кодексінің қолданылу мерзімі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен ұзартылған 249-бабына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.salyk.kz, «Салықтық қызметтер» бөлімі);

2) Орталықтың стенділерінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтарының телефондары (8 (7172) 58-09-09) арқылы да беріледі.

5. Министрлікте немесе Орталықта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі салықтарды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін өзгерту туралы/өзгертуден бас тарту туралы шешімді, импортқа ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді беру болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.