«Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1591 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тілдерді дамыту мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;»;
2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
17, 18 және 19-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1531 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1025 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның
құрамы
| Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі, төраға |
| Мыңбай Дархан Қамзабекұлы
| - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |