Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 30 қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық
 бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
қағидалары

(210.00-нысан)


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (210.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң) сәйкес әзірленген.

Қағидалар жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеуге, ұстап қалуға (қоса есептеуге) және аударуға, әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) сомаларын қоса есептеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуға арналған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына және шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, Салық кодексінің 6-бөлімі 18, 19-тарауларына, 7-бөлімінің 25-тарауына және 12-бөліміне сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері жасайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.