«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1639 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 696 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 29-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасында:
1) тармақшаның жетінші және сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«көпжылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын АШТӨ-нің нақты жер учаскесіне бақтарды, жидектіктерді және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) жұмыс жобасына (бұдан әрі - жұмыс жобасы) сәйкес. Алманың «Апорт» сортының көпжылдық екпелерін отырғызу кезінде жұмыс жобасында АШТӨ-нің жер учаскесінің теңіз деңгейінен биіктігі көрсетіледі;
АШТӨ-нің штатында «агрономия» немесе «жеміс-көкөніс өсіру» мамандығы бойынша кемінде бір білікті маманның болуы шартымен жүзеге асырылуы тиіс.»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: