(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

15) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 62-бабына сәйкес 99-бабының 1-тармағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды

Бас банктің күмәнді және үмітсіз актвитерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық табысынан Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, мұндай ұйымның жылдық жиынтық табысына енгізілген және мұндай ұйымға күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын берген банкке аударылған табыстар алып тасталады.

Бұл ретте, алуға жататын табыстарды Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстарға жатқызу уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.

Банктің жылдық жиынтық табысынан талап ету құқықтарын беруден түсетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтары мұндай ұйымға бұрын берілген ұйымнан сатып алуына байланысты алынған табыстар алып тасталады.

2. Тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың салық төлеуші осының алдындағы салық кезеңінде қолданған әдісінен өзге әдіске ауысқан кезде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысы бағалаудың жаңа әдісін қолдану нәтижесінде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және теріс айырма сомасына азайтылуға жатады.

Салық төлеуші тауарлық-материалдық қорларды бағалаудың өзге әдісіне ауысуды салық кезеңінің басынан бастап жүргізеді.

 

 

§ 2. Шегерімдер

 

100-бап. Шегерімдер

1. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.

3. Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.

Болашақтағы кезеңдердің шығыстары олар қатысты болатын салық кезеңінде шегерімге жатады.

4. Табиғи монополия субъектілері шеккен ысыраптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатады.

5. Егер шығыстардың бір және сол түрі шығыстардың бірнеше баптарында көзделсе, онда көрсетілген шығыстар салық салынатын табыстың есеп-қисабы кезінде бір-ақ рет шегеріледі.

6. Егер осы Кодекстің 103, 115-баптарында өзгеше белгіленбесе, таңылған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары шегерімге жатады.

7. Құрылысқа алынған, құрылыс кезеңінде есепке жазылған кредиттер (қарыздар) үшін сыйақылар құрылыс объектісінің құнына енгізіледі.

8. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі салықтық есепке алуды жүргізген жағдайда бірлескен қызмет немесе оның бір бөлігі бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу осындай өкіл табыс еткен мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.

9. Салық төлеушінің құрылысқа, тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындары және капитал сипатындағы басқа да шығындар осы Кодекстің 116-125-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылады.

10. Осы Кодекстің 97-бабының 3-тармағында көрсетілген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде шеккен шығыстар шегерімге жатқызылуға жатады.

11. Егер мәміле талаптарында салық төлеушінің өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер сапасына кепілдік беруі көзделсе, онда салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік беру мерзімі ішінде өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөнінде жүргізген іс жүзіндегі шығыстарының сомасы осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді 

12. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияның деректерi бойынша есепке жатқызылуға жатпайтын қосылған құн салығы сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң құнында ескерiледi.

Қосылған құн салығын төлеуші:

1) осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес;

2) табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылған тіркелген активтер, тауар-материалдық қорлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиіс;

3) амортизацияға жатпайтын активтердің жарғылық капиталға берілуін қоспағанда, осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген жағдайда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығын шегерімге жатқызуға құқылы.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шегерім осы Кодекстiң 261 және 262-баптарына сәйкес есепке жатқызудың барабар әдiсін қолданған кезде есепке жатқызылуға тиісті емес қосылған құн салығы туындайтын салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген шегерімдер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті салық кезеңінде жүргізіледі.

Амортизацияға жатпайтын активтер бойынша осы Кодекстің 258-бабы 1-тармағының 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда есепке жатқызылудан алып тасталуға тиісті қосылған құн салығы осы Кодекстің 87-бабының 4-тармағына сәйкес есепке алынады.

Жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы корпоративтік табыс салығын төлеуші болып табылған жағдайда және қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 271-1-бабы 3-тармағына сәйкес операторға жүктелген болса, онда осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген, оператордың қосылған құн салығы жөніндегі декларациясының деректері бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушының үлесіне келетін мөлшердегі қосылған құн салығы шегерiмге жатқызылады.

13. Салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару кезінде есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығының 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдер шотына есепке жатқызылмаған, нөлдік ставкамен салық салынатын айналымдар бойынша қайтаруға ұсынылмаған сомасынан асып кетуі осы Кодекстің 230-баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін шегерімге жатқызылуға жатады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

14. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салық төлеуші жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне, қызметкерлердің жыл ішіндегі орташа тізімдік санына сүйене отырып, бір қызметкерге Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш шегінде төлеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүшелік жарналары шегерімге жатады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

14-1. Салық төлеушiнiң Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының есебiне жазған әлеуметтiк аударымдары бойынша шығыстары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде шегерiмге жатады.

15. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.

16. Туынды қаржы құралдары жөніндегі шығыстар осы Кодекстің ережелеріне сәйкес ескеріледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 16-1-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

16-1. Жарнама мақсатына орай өтеусiз берiлген тауардың Республикалық Бюджет туралы Заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген және тауарды беру не сыйға тарту күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын құны мұндай тауарды өтеусiз беру жүзеге асырылған салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылуға жатады.

17. Егер сенімгерлікпен басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелсе, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығыстары, осы бөлімнің мақсатында осы сенімгерлікпен басқарушының шығыстарына қосылады.

18. Салық төлеушінің осы Кодекстің 131 және 132-баптарына сәйкес шегерімдерді түзетуге құқығы бар.

 

101-бап. Қызметтік іссапарлар кезінде өтемақылар сомасының шегерімі

Қызметтік іссапарлар кезінде шегерімге жататын өтемақыларға:

1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттар негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарға баратын жерге жетуге және кері қайтуға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде, броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға іс жүзінде жүргізілген шығыстар;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) қызметкерге іссапарда болған уақытта салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тәулікақы жатады.

Іссапарда болу уақыты:

жұмыс берушінің қызметкерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;

жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін негізге ала отырып іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады. Мұндай құжаттар болмаған кезде іссапар күндерінің саны салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатында көзделген, іссапар орнына кету күні мен кері қайтып келу күнін растайтын басқа да құжаттар негізге алына отырып айқындалады;

4) салық төлеуші келу визасын ресімдеген кезде жүргізген шығыстар (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) келу визасын ресімдеуге арналған шығыстарды (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құнын) растайтын құжаттар негізінде айқындалады.

 

102-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі

1. Өкілдік шығыстарға мынадай:

1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау мақсатында;

2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында, көрсетілген іс-шаралардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.

Өкілдік шығыстарға аталған тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге, келіссөздер уақытында тамаққа, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да жатады.

Бос уақытты, көңіл көтеруді немесе демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және олар шегерімге жатпайды.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-баптың 2-тармағында көрсетілген салық салуға жататын қызметкердің табыстары бойынша жұмыс берушінің шығыстар сомасының 1 процентінен аспайтын мөлшерде шегерімге жатқызылады.

 

103-бап. Сыйақы бойынша шегерімдер

1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Осы баптың мақсатына орай мыналар сыйақылар болып танылады:

1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;

2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);

3) өзара байланысты тарапқа кепілдік үшін төлемақы.

2. Сыйақыны шегеру мынадай формула бойынша есептелетін сома шегінде жүргізіледі:

(А+Д)+(ЖК/МС)*(ШК)*(Б+В+Г),

мұнда:

А - Б, В, Г, Д көрсеткіштеріне енгізілген соманы қоспағанда, осы баптың 1-тармағында айқындалған сыйақы сомасы;

Б - Д көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, өзара байланысты тарапқа төленетін сыйақы сомасы;

В - Б көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес айқындалатын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген тұлғаларға төленетін сыйақы сомасы;

Г - В көрсеткішіне енгізілген соманы қоспағанда, кепілдіктерді, кепілгерлікті немесе қамтамасыз етудің өзге нысанын орындаған жағдайда депозитке немесе қамтамасыз етілген кепілдікке, кепілгерлікке немесе өзара байланысты тараптардың қамтамасыз етуінің өзге нысанына берілген қарыздар бойынша тәуелсіз тарапқа төленетін сыйақы сомасы;

Д - Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін кредиттер (қарыздар) үшін сыйақы сомасы;

ШК - шекті коэффициент;

ЖК - жеке капиталдың орташа жылдық сомасы;

МС - міндеттемелердің орташа жылдық сомасы.

А, Б, В, Г, Д сомаларын есептеу кезінде құрылысқа алынған және құрылыс кезеңіне есепке жазылған сыйақылар алып тасталады.

Өзара байланысты болып табылмайтын тарап осы баптың мақсатына орай тәуелсіз тарап деп танылады.

3. Осы баптың 2-тармағының мақсатына орай:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1)  тармақша өзгертілді  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) жеке капиталдың орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айының соңындағы жеке капиталдың орташа арифметикалық сомасына тең. Жеке капиталдың орташа жылдық сомасының теріс мәні осы баптың мақсаты үшін нөлге тең деп танылады;

2) міндеттемелердің орташа жылдық сомасы есепті салық кезеңінің әрбір айындағы міндеттемелердің орташа арифметикалық ең көп сомасына тең. Міндеттемелердің орташа жылдық сомасын есептеу кезінде мыналар:

салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

қызметкерлердің жалақысы және өзге де табыстары;

өзара байланысты тараптан алынатын табыстарды қоспағанда, болашақ кезеңдердің табыстары;

сыйақылар мен комиссиялар;

дивидендтер бойынша есепке жазылған міндеттемелер есеп-қисапқа алынбайды;

103-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 14-бабының редакциясында қолданылды

3) шекті коэффицент қаржылық ұйымдар үшін - 7-ге, өзге заңды тұлғалар үшін 4-ке тең.

4. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы баптың 2-тармағының мақсатына орай осы тұрақты мекеменің активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бұл ретте, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің жеке капиталының сомасы осы тармақтың қолданылу мақсатына орай осы тұрақты мекеме оқшауландырылған және жеке заңды тұлға болғандай және өзі тұрақты мекемесі болып табылатын резидент емес заңды тұлғадан тәуелсіз әрекет ететіндей түрде қарастырылады.

 

104-бап. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерім

Егер салық төлеуші бұрын табыс деп танылған күмәнді міндеттемелерді кредит берушіге төлесе, онда жүргізілген төлемнің шамасында шегерім жасауға жол беріледі. Мұндай шегерім төлем жасалған салық кезеңінде бұрын табысқа жатқызылған шама шегінде жүргізіледі.

Осы бапта көзделген шегерімдерге жатқызу тәртібі осы Кодекстің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған міндеттемелерді төлеген жағдайда да қолданылады.

 

105-бап. Күмәнді талаптар бойынша шегерім

1. Күмәнді талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.

2. Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде жүргізіледі:

1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;

2) шегерімдерге жатқызу кезіне бухгалтерлік есепте талаптардың көрсетілуі не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есептегі шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.

3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшірмесінің болуы қажет. Салық төлеуші жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған кезде, конкурстық іс жүргізу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшіне енген салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

4. Күмәнді талаптар бұрын тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыс деп танылған табыстың мөлшері шегінде шегерімге жатқызылады.

 

2009.13.02. № 135-ІV ҚР Заңымен 106-бап редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)

106-бап. Резервтік қорларға аударымдар бойынша шегерімдер

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

2011.21.07 № 467-IV ҚР Заңына сәйкес 1-тармағының қолданысы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңінде 1-тармақ аталған Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады

1. Банктер және лицензия негізінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді қоспағанда (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа), мынадай күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге:

1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;

2) басқа банктер мен клиенттерге берілген кредиттерге (қаржы лизингін қоспағанда);

3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке;

4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепілдіктер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.

Активтерді және шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңінде 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 63-бабына сәйкес 106-баб 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Банктің еншілес ұйымына күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру шығыстарының сомасын банктердің шегеруге құқығы бар.

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға берілген рұқсаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

Бұл ретте шегерімге уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен құрылған провизиялар (резервтер) сомасы шегінде күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен еншілес ұйымның сатып алуына бас банк берген күмәнді немесе үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстарының сомасы жатқызылады. Күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша бас банктің талап ету құқықтарын еншілес ұйымның сатып алуына берілген күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасы банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша берген талап ету құқықтары мөлшерінің еншілес ұйым қызметінің мерзіміне арақатынасы шамасынан аспауға тиіс.

Банктердің еншілес ұйымдарға күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерін күмәнділер және үмітсіздер санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

Банктер екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымнан сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру шығыстары сомасын шегерімге жатқызуға құқылы емес.

2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 23 бабына сәйкес 106-баптың 2-тармағының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерiн құру тәртiбiн уәкiлеттi органның келiсiмі бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

2012.26.11. № 57-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Микроқаржы ұйымдарының өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерін қоспағанда, берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсіз активтерге жатқызу тәртібін, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)