(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

16) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;

17) бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлемдер (еңбегіне ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

18) күнтізбелік жыл ішінде әрбір төлем түрі бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегінде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшін, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдер.

Көрсетілген табыстар медициналық қызмет көрсетулерді (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлік болғанда салық салудан босатылады;

19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердің ресми табыстары;

20) шет мемлекеттің мемлекеттік қызметіндегі, сол елдегі табысы салық салуға жататын шетелдіктердің ресми табыстары;

21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерінде қызмет істейтін жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен шетелдік валютамен төленетін ресми табыстары;

22) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленетін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттің сыйлықақысы);

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 24) тармақша өзгертілді; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты мамандық бойынша қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде жұмыс берушiнiң мынадай түрдегі шығыстары:

басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдеу кезінде - қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;

басқа жерге қызметтiк iссапарын ресiмдемей:

қызметкерді оқыту, оның бiлiктiлiгiн арттыру немесе қайта даярлау үшін төлеуге нақты жұмсалған шығыстары;

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалар шегiнде қызметкердің тұруына нақты жұмсалған шығыстары;

қызметкер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiктi арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн қайтуына нақты жұмсалған шығыстары жатады;

жұмыс берушiнің:

қызметкер Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

қызметкер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы жатады;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 24-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

24-1) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25) осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;

26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;

27) білім беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік стипендиялар үшін белгіленген мөлшерде төленетін стипендиялар;

28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкердің қызметін жүзеге асыру мақсатында алған мүлкіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;

29) қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;

30) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;

31) осы Кодекстің 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңінде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;

32) жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;

33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;

34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшердегі ерікті кәсіби зейнетақы жарналары;

35) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

36) сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табысы;

37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгіленген процентсіз кезең ішінде төлем карточкасын ұстаушыға банктік қарыз берілген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерін жүзеге асырған кезде эмитент банктің қаражаты есебінен төлем карточкасын ұстаушының есебіне жатқызылатын сома;

39) осы Кодекстің 224-бабының 1-тармағында көрсетілген резидент емес заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бір бөлігінен бөлінген, осы Кодекстің 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 40) тармақшамен толықтырылды

40) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 41) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

41) осы Кодекстiң 135-1-бабының 1-тармағында аталған дербес білім беру ұйымының осындай ұйымның қызметкері болып табылатын не осындай ұйымның жұмыстарын орындау, оған қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент шетелдiк тұлғаға қатысты iс жүзiнде мынадай:

тұруға;

медициналық сақтандыруға;

Қазақстан Республикасынан тыс жердегi тұрғылықты жерiнен Қазақстан Республикасында осындай қызметтi жүзеге асыратын жерiне дейiн және қайтар жолында әуе көлiгiмен ұшуға жұмсаған шығыстары түріндегі материалдық пайда.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшін негіздер болатын салық кезеңдері үшін беріледі.

Салық төлеуші (салық агенті) табыс төлеу күнінен бұрын түзету қолдану үшін негіз туындаған күні растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген түзетулерді мұндай түзетулерді қолдану үшін негіз болатын салық кезеңіндегі табысқа қолдануға құқылы.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

3. Осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:

жеке тұлғаның осы бапта белгiленген шектерде осындай түзетудiң сомасын көрсете отырып, салық салуға жататын табыстарға түзетулердi қолдануға өтiнiшiнiң;

растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 157-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері

Дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.

 

158-бап. Салық ставкалары

1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

 

159-бап. Салық кезеңі

1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР

 

160-бап. Төлем көзінен салық салынатын табыстар

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға табыстардың мынадай түрлері жатады:

1) қызметкердің табысы;

2) жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.

 

161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу

1. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді.

2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агенті төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды табыс төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей өзiнің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерiнiң табыстары бойынша жеке табыс салығын аудару құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жері бойынша тиiстi бюджеттерге жүргiзiледi.

Заңды тұлға өз шешімімен оның құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша өзінің құрылымдық бөлімшесін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.

Бұл ретте заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап күшіне енеді.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше салық агенті деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсананнан кейінгі тоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша салық агенттері деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 12-бөлімінің мақсаты үшін әлеуметтік салықты дербес төлеушілер болып танылады.

4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеуді және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті жүргізеді.

5. Оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері және шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу мерзімдері осы Кодекстің 438 және 446-баптарында белгіленген.

 

2009.30.12 № 234-IV Заңымен мазмұн 161-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

161-1-бап. Мемлекеттік мекемелердiң салықты есептеу, ұстау және төлеу ерекшелiктерi

1. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң табыстары бойынша салық агенттерi ретiнде қарастырылуы мүмкiн.

Бұл ретте, осы бапта белгiленген тәртiппен салық агенттерi деп танылған мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 12-бөлiмiнiң мақсаты үшiн әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылады.

Салықты төлеу салық агентiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерде жүргiзiледi.

2. Салық агентi жеке табыс салығын есептеудi, ұстауды және төлеудi осы Кодекстiң 161, 163-167-баптарында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде жүргiзедi.

3. Салық агентi жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны осы Кодекстiң 162-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде табыс етедi.

 

162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті салық төлеу орны бойынша салық органдарына есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін және оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатын салық агенттері осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация табыс етпейді.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен мазмұн 2-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

2-1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық агенттерi бөлiмшенiң орналасқан жеріндегі салық органына жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтiк салықтың сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны табыс етедi.

 

 

§ 1. Қызметкердің табысы

 

163-бап. Қызметкердің табысы

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкер жұмыс берушіден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші және үшінші тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған, осы Кодекстің 164, 165-баптарында көрсетілген табыстар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылады.

3. Мыналар қызметкердің салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын зейнетақы төлемдері;

2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;

3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;

4) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;

5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкі үшін төлемдер;

6) 2009.30.12 № 234-IV Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

 

164-бап. Қызметкердің заттай нысандағы табысы

1. Қызметкердің салық салуға жататын, ол заттай нысанда алған табысына:

1) еңбегіне заттай нысанда ақы төлеу;

2) жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

3) қызметкер үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушінің төлеуі кіреді.

2. Қосылған құн салығының тиісті сомасын және акциздерді қоса алғанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны қызметкердің салық салуға жататын, оның заттай нысанда алған табысы болып табылады.

 

165-бап. Қызметкердің материалдық пайда түріндегі табысы

Қызметкердің салық салуға жататын, материалдық пайда түрінде алған табысына:

1) қызметкерге өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;

2) жұмыс берушінің шешімі бойынша қызметкердің оның алдындағы қарызының немесе міндеттемесінің сомасын есептен шығару;

3) жұмыс берушінің өз қызметкерлерінің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) қызметкердің жұмыс берушінің қызметіне байланысты емес шығындарын өтеуге жұмыс берушінің жұмсаған шығыстары кіреді.

 

166-бап. Салық шегерімдері

1. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есепке жазу күнi қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшеріндегі, табыс есебiне жазылатын тиiстi айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерiмiнiң жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақы мөлшерiнiң жалпы сомасынан аспауға тиiс;

2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;

3) өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;

4) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;

5) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;

6) осы баптың 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Егер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген салық шегерімінің сомасы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.

Салық кезеңi iшiнде жұмыс беруші өзгерген жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

3. Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық шегерімі жүргізілмейді.

4. Осы баптың 1-тармағының 1), 3) - 6) тармақшаларына сәйкес салық шегерімі құқығы салық төлеушіге өзі берген өтініштің негізінде, жұмыс берушілердің біреуінен ғана алатын табыстары бойынша беріледі.

5. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында белгіленген салық шегерімі құқығы тиісті құжаттар:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;

сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;

3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.

6. Егер:

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ұсынылатын салық шегерімінің жалпы сомасы мен осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес ұсынылатын түзету сомасы, жиынтығында күнтiзбелiк бір жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе, салық төлеушіге осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасында белгіленген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.

3) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

167-бап. Салықты есептеу және ұстау

Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысына жеке табыс салығының сомасы қызметкердің осы Кодекстің 163-бабына сәйкес айқындалатын, төлем көзінен салық салынатын табысының сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледі.

 

§ 2. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

 

168-бап. Жеке тұлғаның салық агентінен алатын табысы

1. Жеке тұлғаның салық агентінен алған, төлем көзінен салық салынатын табысы осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы ретінде айқындалады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:

1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстары;

2) жеке тұлғаларға төлемдер жеке тұлғаның салық агентінен алған, салық салуға жататын табысы болып табылады.

2. Осы баптың мақсаты үшін мыналар салық салуға жататын табысқа жатқызылмайды:

1) осы Кодекстің 177-бабында айқындалған, төлем көзінен салық салынбайтын табыстар;