6) талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетін табыстар;
7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетін табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер нысанындағы табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) роялти нысанындағы табыстар;
13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар.
Әртүрлі мемлекеттерде орналасқан, біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңіз, өзен немесе әуе кемесімен, автокөлік құралымен немесе темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлімнің мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
Осы бөлімнің мақсатында мыналар:
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
пайдалы қазбаларды құбыржолдармен тасымалдау халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-1) теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;
17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;
18) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін табыстары;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
19) өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;
20) жұмыс беруші болып табылатын резидент немесе резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместің жеке тұлғаға төлейтін үстемақылары;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
резидент емес жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
резидент емес жеке тұлға өткізген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
21-1) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші болып табылмайтын тұлғадан алған материалдық пайда түріндегі табыстары.
Осы бөлімнің мақсатында материалдық пайда деп, оның ішінде:
резидент емес жеке тұлға тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге үшінші тұлғалардан алған төлем және (немесе) олардың құнының өтемі;
резидент емес жеке тұлғаға өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны мен осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу бағасы немесе олардың өзіндік құны арасындағы теріс айырма;
резидент емес жеке тұлғаның борыш немесе міндеттеме сомасын есептен шығару танылады;
22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
23) қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;
24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;
25) Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстары.
Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты жұмсалған шығыстар мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қоспағанда, өтеусіз алынған мүліктің құны мүлікті беру күнгі мұндай мүлікті берген тұлғаның бухгалтерлік есебінің деректері бойынша оның баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
Өтеусіз алынған мүліктің, сондай-ақ мұраға қалдырылған мүліктің құнын бухгалтерлік есеп деректерінен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, берілген немесе мұраға енгізілген күніне мұндай мүліктің құны мынадай тәсілдердің бірімен:
мұндай мүлік алынған күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген құн негізінде;
көрсетілген бағалы қағазды мұраға алған (енгізілген) күні қазақстандық немесе шетелдік қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздың бағамдалуы негізінде белгіленеді.
Өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүліктің құнын осы тармақшада белгіленген тәртіппен айқындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, құн мүлікті бағалау туралы есептің негізінде айқындалады;
27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
28) мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен бап 28-1) тармақшамен толықтырылды
28-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызмет нәтижесінде пайда болған басқа да табыстар.
Бұл ретте осы баптың 3), 4), 10) - 12), 21-1) және 24) тармақшаларының ережелері:
резиденттің;
егер төлемдер осындай тұрақты мекеменің қызметіне немесе мүлкіне байланысты болса, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместің;
егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, резидент еместің филиалының, өкілдігінің табыстарды есептеуі және (немесе) төлеуі шартымен қолданылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген және салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай Қазақстан Республикасының бюджетіне төлеген табыс салығының сомасы;
2) оларға резидент жүктеген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге орган) мүшелері жұмсаған шығыстар өтемақысы, мынадай шекте:
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар (соның ішінде оның құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде бронь үшін шығыстар төлемін қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау орнына бару және қайту жолына нақты жұмсалған шығыстар;
мұндай шығыстарды растайтын құжаттар негізінде тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жұмсалған, бірақ шетелде іссапарда болған мемлекеттік қызметшінің қонақ үйлерден бір орынды стандартты нөмірлерді жалдауы бойынша шығыстарды өтеудің шекті нормаларынан аспайтын шығыстар;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шегінде қырық тәулікке дейін болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
басқарушылық міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулікке дейін болған кезең үшін - тәулігіне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын ақша сомасы резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден табысы болып табылмайды. Бұл ретте, басқарушылық міндеттерді орындау орны тұрақты тұратын орнымен сәйкес келмеуі тиіс.
23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТІН ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ
ҚҰРМАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 193-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
193-бап. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен корпоративтік табыс салығы салынады.
Бұл ретте төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығының сомасын салық агентi осы Кодекстiң 192-бабында көрсетiлген, төлем көзiнен салық салынатын табыстардың сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептейдi.
Төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыстар салығын есептеу мен ұстауды салық агенті:
1) есептелген және төленген табыстар бойынша - резидент емес заңды тұлғаға табыстар төлеу күнінен кешіктірмей;
2) шегерімге жатқызылған, есептелген және төленбеген табыстар бойынша - корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы баптың мақсатында бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімі осы Кодекстің 87-бабына сәйкес айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлем көзiнен корпоративтік табыс салығын резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, салық агентi ұстайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Төлем көзінен корпоративтік табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері деп танылған мынадай тұлғаларға:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 4-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
Бұл ретте резидент емес заңды тұлға оның филиалы, өкiлдiгi немесе филиал немесе өкiлдiк ашпаған тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының салық органдарында тiркеу есебiне қойылған күннен бастап салық агентi болып танылады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитент резидентіне;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) осы баптың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 193-бабы 5-тармағының 7) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған кезде, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын резидент емес заңды тұлғаға жүктеледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес резидент еместің табыстарынан есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын салық агенті өз қаражаты есебінен оны ұстамай төлеген кезде, салық агентінің төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстау және аудару жөніндегі міндеті орындалған болып саналады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі.
Осы бөлімнің мақсатында осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес салық салу объектілерін түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде, осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағы 14) тармақшасының бірінші бөлігінің екінші-бесінші абзацтарына және екінші бөлігіне сәйкес табысты айқындау табысты төлеу деп түсініледі. Бұл ретте, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім табысты төлеу күні болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1. Резидент еместермен жасалған келісімшарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жұмыстардың, қызметтердің алуан түрлерінің орындалуын, көрсетілуін көздейтін ережелер болған кезде, осы бапта белгіленген төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау тәртібі жұмыстардың, қызметтердің әр түріне жеке қолданылады. Бірыңғай өндірістік-технологиялық цикл шеңберінде резидент емес орындаған жұмыстардың, көрсеткен қызметтердің әрбір кезеңі резидент еместердің табыстарынан төлем көзінен табыс салығын есептеу және ұстау мақсатында жұмыстардың, қызметтердің жеке түрі ретінде қаралады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша резидент еместің жалпы табыстар сомасы Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға негізделіп бөлінуге тиіс.
Осы тармақтың ережелерін қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға және одан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алынған табыстарға резидент еместің жалпы табыс сомасын бөлу негізділігін растайтын есептік құжаттаманың көшірмелерін қызметтер алушыға табыс етуге міндетті.
Осы баптың ережелеріне сәйкес резидент еместің Қазақстан Республикасында салық салынуға тиісті табысының сомасын төмендетуге әкеп соққан резидент еместің табысын негізсіз бөлген кезде, Қазақстан Республикасында да, сол сияқты одан тысқары жерлерде де резидент еместің жоғарыда көрсетілген келісімшарттар бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден алған жиынтық табыс сомасы салық салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы өнім беруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды қоспағанда, сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бір мезгiлде мынадай:
дивидендтерді есептеу күніне салық төлеушінің дивидендтер төленетін акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленуі;
дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның дивидендтер төленетін кезең ішінде жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның активтері құнының 50 пайызынан астамы дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кездегi дивидендтер салық салуға жатпайды.
Осы тармақшаның ережелерi резидент заңды тұлғадан:
акциялар бойынша, оның iшiнде депозитарлық қолхаттардың базалық активтерi болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;
заңды тұлға оның құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бір бөлiгi;
құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, заңды тұлғаны таратқан кезде немесе құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен жарғылық капиталды азайтқан кезде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде мүлiктi бөлуден түсетiн табыс түрiнде алынған дивидендтерге ғана қолданылады;
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің дивидендтерді төлейтін заңды тұлғаның активтері құнындағы үлесі осы Кодекстің 197-бабына сәйкес айқындалады;
4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар;
5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеушінің осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленуі;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның немесе қатысу үлесін консорциумда өткізетін осындай концорциумға қатысушының жер қойнауын пайдаланушы болып табылмауы;
эмитент заңды тұлғаның немесе қатысу үлесі өткізілетін заңды тұлғаның активтері құнының немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциумға қатысушылар активтері жалпы құнының 50 пайыздан астамы осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрау талаптары орындалған кезде, егер осы тармақтың 8) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлға шығарған акцияларды немесе заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
8) өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар;
9) осы Кодекстің 216-бабында көрсетілген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктік салымдары бойынша сыйақылары;
10) біртұтас құбыр жүйесі арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикі мұнайды өткізу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы;
12) халықаралық қаржы лизингі шарттары бойынша негізгі құралдарды қаржы лизингіне беруден түсетін табыстар;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
13) осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады); 2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен жасалатын төлемдер;