(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын резидент еместің - тәуелді агенттің салық органына берген салықтық өтініші негізінде;

7) резидент банкте ағымдағы шоты бар резидент емес жеке және заңды тұлғаның - банк хабарламасының негізінде, өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

2. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысу бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық почта мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Резидент заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаға қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысының немесе бір қатысушыдан (акционерден) тұратын заңды тұлғаға бір қатысушының (акционердің) заңды тұлғаның атқарушы органын тағайындау туралы шешімінің нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы туралы мәліметтерді өзгерту үшін берілген салықтық өтінішке заңды тұлғаның уәкілетті органының заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы шешімінің не оның өкілеттігін растайтын өзге құжатының нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі.

3. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту осы Кодекстің 581-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде берілген банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жеке тұлға тұрғылықты (болу) жері өзгерген кезде жаңа тұрғылықты жері бойынша салық органына салық төлеушінің тұрғылықты (болу) жерінің өзгергенін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын көрсетіп, олардың көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу үшін өз бетінше салықтық өтініш беруге құқылы.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан (тұрғылықты, келген) жері бойынша салық органына - өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

6. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

564-бап. Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастау

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:

1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;

2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұратын жерге кетуі;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (басқару органының нақты орналасқан жерінің) өзгеруі;

4) резидент еместің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;

5) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) егер осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген резидент еместің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай резидент еместің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;

7) шетел мемлекетінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі қызметінің тоқтатылуы;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) осы Кодекстің 191-бабы 5-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агенті арқылы резидент еместің қызметін тоқтатуы;

9) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген резидент еместің банк хабарламасын алған күннен бастап алты ай ішінде резидент банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтері болмаған жағдайда, резидент банкте резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы бойынша шығарып тастайды.

2. Салық органы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды шығарып тастау мақсатында әділет органдарына:

1) Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзырет шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды немесе қатысу үлестерін сату туралы мәліметтерінің негізінде;

3) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды - тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

4) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекетінің өкілдігін - сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген шетел мемлекеті өкілдігінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;

5) осы Кодекстің 561-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген резидент еместі - тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

6) резидент банктерде ағымдағы шоттары бар резидент еместі - резидент еместің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасының негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.

3. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген резидент еместер туралы мәліметтер көрсетілген электронды хабарламаны әділет органдарына уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтерді, банктің хабарламасын, тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

4. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастауды сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде салық төлеушінің орындалмаған салық міндеттемесі болмаған кезде жүргізеді.

 

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 81-тараудың 2 параграфының тақырыбы өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 565-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

565-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізеді.

2. Салық органдары қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында дара кәсіпкер ретінде жол берілмейтін жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізбейді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариустық, қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн тұрған жерi бойынша салық органына табыс еткен дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне қою туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.

Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою үшін табыс еткен салықтық өтінішке түпнұсқасын көрсетіп, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

жеке басын куәландыратын құжат;

жекеше нотариустық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия;

жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат.

Жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан орнын растайтын құжат жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалануға құқықты растайтын құжат болып табылады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның өтініші бойынша үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуді куәландыратын осы құжаттың телнұсқасы беріледі.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 566-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:

1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері;

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына тапсыруға міндетті.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:

1) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттарды;

2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат - осы Кодекстің 565-бабы 3-тармағында белгіленген құжаттарды қоса береді.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстыра отырып жүргізеді.

Салық органдары дара кәсіпкерге, егер осындай дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуден бас тартады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 567-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

 

§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

 

568-бап. Қосылған құн салығы бойынша  тіркеу есебіне міндетті түрде қою

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.

Мыналар: мемлекеттік мекемелер;

осы Кодекстің 411, 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша;

резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;

салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;

ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;

басқа салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін салық төлеушінің айналымына осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:

1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша;

2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым кіреді.

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 236 немесе 276-5-баптарына сәйкес айқындалады.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші айналымның мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенімгерлік шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайларда сенімгер басқарушыны қосылған құн салығы бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

5. Ең төменгi айналым тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 30000 еселенген мөлшерiн құрайды.

6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар, егер осы бапта өзгеше көзделмесе қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын немесе оларды пайдалану құқығын растайтын құжат салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

9. Салық төлеуші осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодектің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

 

569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;

осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;

резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.