Тіркеу карточкасының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.
8. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.
9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге бөлек беріледі.
Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.
10. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын лотерея билеттерінің әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 575-бап жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тiркеу деректерiн өзгерту және толықтыру
1. Салық төлеушi тiркеу карточкасында көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабы 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш беруге мiндеттi.
2.Тіркеу карточкасын ауыстыруды:
1) тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген);
2) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген;
3) тіркеу карточкасында сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайларда, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердің тіркелген жерi бойынша салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген жағдайда салық төлеуші салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:
1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.
Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі тіркеу карточкасын ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.
3. Жаңа тіркеу карточкасын беру кезінде бұрын салық органы берген тіркеу карточкасының бланкісі, салық төлеушінің аталған тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.
576-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару
1. Салық төлеуші осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында аталған салықтық өтініш негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен:
1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
2) тіркеу карточкасында көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығарылуға жатады.
2. Салықтық өтініш қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына тіркеу карточкасын қоса бере отырып, осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есепке алудан шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.
3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:
1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды, осы Кодексте оларды табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты ай мерзім ішінде табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.
5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылуға тиіс.
§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді
орналасқан жері бойынша тіркеу есебі
577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою
1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.
Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Меншiк, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану, уақытша өтеулi жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлiк басқару құқығында салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объектiсi бар дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мұндай құқықтар туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларды осы Кодекстiң 374-бабының 2-тармағына сәйкес жер салығын төлеушi деп таныған жағдайда мұндай төлеушiлер салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына жер учаскесiн иелену мен пайдаланудың нақты құқығының туындауы негiзiнде құқық белгiлеу құжаттарының күшiне енген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi беруге мiндеттi.
Осы тармақтың ережелері, салық салу объектілеріне және салық салумен байланысты объектілерге құқықтар туындаған жағдайда дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, егер мұндай дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалар бойынша тіркеу есебіне қою осы баптың 1 немесе 3-тармақтарына сәйкес мұндай құқықтар туындаған күннен бастап жүргізілсе, қолданылмайды.
4. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдаланылуын растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куаландырған көшірмесі қоса беріледі.
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:
1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;
2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.
2. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
3. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.
4. Салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.
5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші
579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші
1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.
3. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.
6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.
Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.
2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан және (немесе) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Салық төлеушілер туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға олардың осы тармақшада және осы баптың 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ұсынылады.
Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар ету мүмкін болмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 47-бабына сәйкес 581-баптың 3) тармақшасының қолданылуы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірлерінің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелеріне және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;
Осы тармақша ережесі осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақы есептеуді тоқтата тұру арқылы дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нысанда мұндай тану тоқтатылған, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;
6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық органдарының инкассалық өкімі де осы тәртіппен белгіленген мерзімдерде енгізілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын өндіріп алуды салық органдарынан нұсқау алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;