«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 368-бап 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрі қарай - Ұлттық қор), кеден одағының, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, соманы анықтауға дейінгі шоттарды есептеуге арналған);»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан Ұлттық банкісіне уақытша бос бюджеттік қаражаттарды (депозиттерді) орналастырылу бойынша анықтамасы;»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: