«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1643 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1643 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 252-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:

«Агроөнеркәсіп кешен салаларын тұрақты дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өнімдер экспортын ұлғайту» деген 1-мақсатта:

«Мал шаруашылығы және тауарлы балық өсіру өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру» деген 1.2-міндетте:

«Тауарлы балық өсіру өнімдерінің өндірісі, оның ішінде, субсидияланатын өнімдер» деген 8-жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1000» және «727,4» деген сандар алынып тасталсын;

«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімінің «Әкімшілік кедергілерді төмендету» деген 4.4-мақсатында:

«Мемлекеттік бақылау субъектілерін жоспарлы тексерулер санын азайту (тексеру жүргізудің жыл сайынғы жоспарына сәйкес):» деген 1-жолда:

«балық шаруашылығында» деген жолдағы «365», «340», «325», «325» деген сандар тиісінше «1499», «1494», «1489», «1484» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.