«Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 282 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 617 бұйрығы (күші жойылды)

«Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 282 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 617 бұйрығы

 

Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің құқықтықтәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 282 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары мен олардыңкөмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережеде (бұдан әрі- Ереже):

15-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,құқық бұзушылықтардың алдын алуда, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымдардың таратылуына қарсы іс-қимыл жасасуда азаматтар мен ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) әкімшілік учаскеде маңызды ақпаратты жинау және оны қалалық, аудандық ішкі істер органдарының мүдделі бөліністеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға беру;»;

16-тармақтың 2) тармақшасында:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мінез-құлқын заңда белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары бақылайтын адамдарды, оның ішінде дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатындарды;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«табынушылық және діни рәсімдерді өткізу орындарын;»;

мынадай мазмұндағы4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) әкімшілік учаскеде жалға берілетін пәтерлерде (үйлерде) тұратын азаматтарды(бұдан әрі- жалға алушылар) есепке алуды(8-қосымша) жүргізуге міндетті. Жалға алушылар өзгерген жағдайда өзгерістер үш тәулік ішінде енгізіледі;»;

7) тармақшада «айқын» деген сөз алынып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.