Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 Қаулысы
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, шетелдік және отандық инвесторлар үшін тартымды инвестициялық ахуал жасау, Алматы облысына және Алматы қаласы маңына туристер ағынын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын, жылдың және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша
1 қаңтарға және 1 шілдеге Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1761 қаулысымен
бекітілген
Алматы облысында және Алматы қаласы маңында әлемдік деңгейдегі
тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспары