Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 93/11-V шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 237/28-VI шешімімен күші жойылды
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10, 11-баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 185/30-IV «Жер учаскелері жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олардың кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін түзету коэффициенттері мен аймақ шекараларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 5 наурыздағы № 566 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 29-30 «Вечерняя Астана», 2009 жылғы 12 наурыздағы № 27 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімге 1-қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Н. Мещеряков |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
С. Есілов |
2012 жылғы № 93/11-V шешіміне
1-қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2009 жылғы № 185/30-IV шешіміне
1-қосымша
Жер учаскелерін жеке меншікке берілген, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген
кезде жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын белгілеу үшін аймақтардың
шекаралары
Бағалау аймағының р/с № | Бағалау аймағының бөліктерінің р/с № | Бағалау аймақтары шекараларының сипаттамасы |