Сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесін және сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 ақпандағы № 133 Қаулысы
(2012.30.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 254-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілердің-субстанциялардың, сондай-ақ оларды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілерді-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) бұйымдарды өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушылардың тізбесі;
2) сату жөніндегі айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын косметологиялық, санаторийлік-курорттық қызметтерді қоспағанда, медициналық (ветеринариялық) қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. «Қосылған құны салығынан босатылатын медициналық және ветеринариялық қызмет саласында көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.