Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 667 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 65 шешімі
(2025.15.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызылорда облысының аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары 1 (бір) шаршы метрге осы бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017.15.02. № 707 Қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017.15.02. № 95 шешімімен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Б. Қуандықов |
| Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 12-сессиясының төрағасы |
И. Тілеп |
| Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Б. Еламанов |