(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 2010.25.06 № 1 НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ

Соттардың азаматтық істер бойынша жеке ұйғарымдар шығару тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 1 Нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Соттардың жеке ұйғарымдар шығару кезінде Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларын біркелкі қолдануы мақсатында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

 

қаулы етеді:

 

1. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 253-бабында қарастырылған тәртіпте шығарылған жеке ұйғарымдар - соттардың заңдылықты бұзушылық жағдайына назар аудару актісі болып табылады.

2. Сот отырысында анықталған заңдылықты бұзушылық жағдайлар жеке ұйғарымдар шығару үшін негіздемелер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін әрекеттерді заңдылықты бұзушылық деп түсінген жөн.

Іске қатысушы тұлғалардың дәлелдеу жөніндегі іс жүргізу міндеттерін тиісінше орындамауы жеке ұйғарымдар шығару үшін жеткілікті негіздеме бола алмайды.

3. Соттар тиісті ұйымдарға, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де тұлғаларға қатысты жеке ұйғарымдар шығарады.

Мемлекеттік органдарда, жергілікті басқару органдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерде және әскери құралымдарда тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша билік өкілінің қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызмет атқаратын тұлғалар лауазымды тұлғалар болып танылады.

Коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың атқару органдарының басшыларын басқару қызметін атқаратын өзге де тұлғалар деп түсінген жөн.

4. Сот жеке ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты түрінде, қаралған іс бойынша сот актісімен бір уақытта, кеңесу бөлмесінде шығарады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.