14. Сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың бүкіл кезеңіндегі білім беру қызметтеріне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда сақтанушыға, пайда алушыға не оның заңды өкіліне төленуге жатады.
15. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе пайда алушы денсаулық жағдайының салдарынан оқуын жалғастыруға қабілетсіз болған жағдайда, сақтанушы, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерлері:
1) сақтандыру шартында көрсетілген пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа адаммен ауыстыруға;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сақтандыру шарты бойынша сатып алу сомасын алуға құқылы.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша инвестициялық кіріс, есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы және бастапқы білім беру капиталы (бар болса) ескерілген сатып алу сомасын бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына не қатысушы-сақтандыру ұйымынан қатысушы банкке, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жыл өткеннен кейін аударуды жүзеге асыруға құқылы.
17. Сақтандыру төлемдерінің есептемесі мен оларды жүзеге асыру тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
12-бап. Мемлекет сыйлықақысы
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы шарттың қолданылу мерзіміне есепке жазылады.
3. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
4. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) салым шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) салымшы қаза болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген, не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап тоқтатылады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекет сыйлықақысы мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері
1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есепке жазылады.
2. Мемлекет сыйлықақысы мынадай басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық жеті пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде:
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелетке толған балаларға, бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мүгедектігі бар адамдарға;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, жалпы орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бiлiм беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға олар кәмелетке толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балаларға есепке жазылады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан расталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның 1-күніндегі жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы тоқсан сайын растайды.
Жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы тиісті жылда салымшының басым санатқа жатқызылуы расталатын айларға есепке жазылады.
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттің сыйлықақысын инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
14-бап. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтару
1. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 11 және 11-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер күнтізбелік үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған қатысушы білім беру ұйымына қайта қабылданбаса не басқа қатысушы білім беру ұйымына оқуға түспесе, салымшы қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап осы үш жыл өткен;
3) жинақтау мерзімі осы Заңда белгіленген мерзімнен аз болған кезде мемлекет сыйлықақысын төлеу фактісі анықталған;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға тиіс.
2. Мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды қатысушы банк оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірмесі бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірмені қатысушы банк алған күннен бастап банктік үш күн ішінде:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша есепке жазылған мемлекет сыйлықақысының сомасы толық көлемде;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне жұмсалмаған сома бөлігінде;
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша, мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылған сомасын қайтаруды жүзеге асырады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салымшы қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған кезде, білім беру қызметтеріне жұмсалмаған соманы қатысушы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына аударуға тиіс.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу, төлеу және қайтару
1. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
2. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу жыл сайын сақтандыру шарты бойынша 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептеу сомасына жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу кезеңі ішінде есепке жазылады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына қосылады және мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес есептеледі.
4. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салым шарты үшін осы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есепке жазылады.
5. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі өткен жағдайда;
2) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткен жағдайда;
3) пайда алушы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не ол қайтыс болды деп жарияланған күннен бастап тоқтатылады.
6. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасын басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуға байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер нысаналы мақсаты сақталмай тоқтатылған;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайда алушы қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған қатысушы білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа қатысушы білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
4) мемлекет сыйлықақысының артық есепке жазылу фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын бюджетке қайтаруды оператор арқылы, оның бюджетке қайтарылуға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-үзінді көшірме бойынша, оператордан анықтама-үзінді көшірме алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
1) осы баптың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша толық көлемде;
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған сома бөлігінде;
3) осы баптың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша, артық есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы сомасы бөлігінде жүзеге асырады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-тарау. БАСТАПҚЫ БІЛІМ БЕРУ КАПИТАЛЫН ЕСЕПКЕ ЖАЗУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
14-2-бап. Бастапқы білім беру капиталы
1. Бастапқы білім беру капиталы тіркелген салым шарты немесе сақтандыру шарты бойынша есепке жазылады.
2. Ағымдағы күнтізбелік жылы бес жасқа толған салымшыға салым шарты бойынша немесе пайда алушыға сақтандыру шарты бойынша бастапқы білім беру капиталын есепке жазу жүзеге асырылады.
3. Салымшы немесе сақтанушы ең төмен жарнаны бастапқы білім беру капиталы есепке жазылған күннен бастап және салымшы немесе пайда алушы қатысушы білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қабылданғанға дейін не салымшы немесе пайда алушы он сегіз жасқа толғанға дейін жыл сайын енгізіп отырады.
Жыл сайынғы ең төмен жарнаның мөлшерін айқындау және бастапқы білім беру капиталын есепке жазу тәртібі бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14-3-бап. Бастапқы білім беру капиталын пайдалану және қайтару
Есепке жазылған бастапқы білім беру капиталы мынадай:
1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салымшының немесе сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және мерзімдерде жыл сайынғы ең төмен жарнаны енгізбеу фактісі анықталған;
2) салымшы немесе пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
3) осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
4) осы Заңның 11-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, нысаналы мақсаты сақталмай, сақтандыру шарты сақтанушының, сақтанушы қайтыс болған жағдайда - пайда алушының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған жағдайларда қайтарылуға жатады.
Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі немесе сақтанушы төтенше жағдайдың қолданылуы, төтенше жағдайдың жариялануы, шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің енгізілуі кезеңінде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған не ол қайтыс болған жағдайда жыл сайынғы ең төмен жарнаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде енгізбеген жағдайда, бастапқы білім беру капиталы қайтарылмайды.
2. Қатысушы банк немесе қатысушы-сақтандыру ұйымы бастапқы білім беру капиталын операторға қайтаруды бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Қайтарылған бастапқы білім беру капиталын пайдалануды оператор бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСIНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
15-бап. Ынтымақтастық туралы келісім
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін қатысушы банк ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
2023.16.11. № 40-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қатысушы банктерге мынадай талаптар қойылады:
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу;
3) 2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ынтымақтастық туралы келісім жасасу (қайта жасасу) кезінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған күші бар қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалардың болмауы.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының кассалық операцияларды жүргізуге арналған лицензияларының болуы туралы талабы және 2) тармақшасының талабы Ұлттық пошта операторына қолданылмайды.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Оператор білім беру қызметтеріне ақы төлеу білім беру жинақтау салымының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатысушы білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде ынтымақтастық туралы келісім жасасады.
4. Ынтымақтастық туралы келісімде нысанасы, тараптардың құқықтары мен міндеттері, олардың өзара іс-қимылының шарттары, тәртібі және жауапкершілігі қамтылуға тиіс.
16-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың салым шартын жасасу және оның қолданылуы кезіндегі өзара іс-қимылы
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салым шартын жасасу кезінде қатысушы банк салымшының осы Заңда белгіленген талаптарға сай келетіндігін, сондай-ақ салымшының атына ашылған қолданыстағы салым шартының және салымшы мен пайда алушы сол бір адам болып табылатын пайда алушының пайдасына жасалған сақтандыру шартының жоқтығын тексереді.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әрбір салым шарты бойынша қатысушы банк ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға салымшы, шоттың жай-күйі, салымшы ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтерді ұсынады.
3. Оператор салымшылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататындығын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын 1 қаңтарға қарай оларды ұсынады.
17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мәліметтерінің негізінде ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептемесін ұсынады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Есепті жылдың қорытындысы бойынша оператор халықты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру саласындағы уәкілетті органдардан қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесін ұсынады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептемесін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Оператор ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органнан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді.
5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады.
2017.05.07. № 88-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін алдыңғы есепті жылдар бойынша мемлекет сыйлықақысын толық есепке жазу қажеттілігіне әкеп соғатын фактілер анықталған жағдайда оператор толық есепке жазылған сомаларды осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есепті жыл бойынша мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесіне енгізеді.
18-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiне қатысушылардың білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезіндегі өзара іс-қимылы
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Білім беру жинақтау салымы арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу салымшының өтініші бойынша жүзеге асырылады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде, салымшы қатысушы банкке растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қатысушы білім беру ұйымы:
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) салымшының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы операторды хабардар етеді;
2) салымшының немесе қатысушы банктің талап етуі бойынша қажет болып тұрған академиялық кезеңдегі оқу құны немесе анықтама берілетін күнгі оқудың толық құны туралы анықтама береді;
3) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) салымшы басқа қатысушы білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын қатысушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл жөнінде оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды хабардар етеді.
Қатысушы білім беру ұйымы салымшының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығы болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)