«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы (2025.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

18-1-бап. Сақтандыру шарты бойынша мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім негізінде оператормен ынтымақтастық туралы келісім жасасады.

2. Қатысушы-сақтандыру ұйымдарына мынадай талаптар қойылады:

1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуы;

2) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу.

3. Сақтандыру шартын жасасу кезінде қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушының осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келуін, сондай-ақ пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының және ол бойынша пайда алушы мен салымшы сол бір тұлға болып табылатын салым шартының жоқтығын тексереді.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Әрбір сақтандыру шарты бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымы ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен операторға пайда алушы туралы, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасының мөлшерлері, сатып алу сомасы, инвестициялық кіріс ескеріле отырып есептелген мемлекет сыйлықақысының, бастапқы білім беру капиталының (бар болса) есепке жазылуы мен сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

5. Оператор пайда алушылардың Қазақстан Республикасы азаматтығына жататынын растау туралы мәліметтерді сұратады, ал құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган оларды жыл сайын 1 қаңтарға қарай ұсынады.

6. Оператор сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдары ұсынған мәліметтер негізінде осы Заңның 17-бабының 2, 3, 4 және 6-тармақтарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде мемлекет сыйлықақысын есептеуді, есепке жазуды және толық есепке жазуды жүзеге асырады.

7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушылардың пайдасына жасалған сақтандыру шарттарына мемлекет сыйлықақысын оператордан мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепке жазады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Сақтандыру шарты арқылы білім беру қызметтеріне ақы төлеу сақтанушының немесе пайда алушының өтініші бойынша жүзеге асырылады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімделген, академиялық демалыстан оралған, оқуға қайта қабылданған, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылған кезде пайда алушы немесе сақтанушы қатысушы-сақтандыру ұйымына растау құжаттарының көшірмелерін ұсынады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10. Қатысушы білім беру ұйымы:

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) пайда алушының оқуға қабылдануы, ауысуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, оқуға қайта қабылдануы, қатысушы білім беру ұйымынан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруге байланысты шығарылуы туралы операторды тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы хабардар етеді;

2) сақтанушының, пайда алушының немесе қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрау салуы бойынша талап етілетін академиялық кезеңге оқу құны немесе анықтама берілетін күнге толық оқу құны туралы анықтама береді;

3) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) пайда алушы басқа қатысушы білім беру ұйымына ауысқан кезде, қабылдайтын қатысушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аударады, бұл туралы оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімде көзделген тәртіппен операторды хабардар етеді.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Қатысушы білім беру ұйымы пайда алушының оқуы үшін алған сома мен оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күнге нақты алынған білім беру қызметтері құнының сомасы арасындағы айырма білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығы болып табылады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12. Пайда алушы қатысушы білім беру ұйымынан оқудан шығарылған кезде білім беру қызметтеріне пайдаланылмаған соманы қатысушы білім беру ұйымы оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына аударуға тиіс.

 

 

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

19-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесiн мемлекеттік қолдау

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру жинақтау салымы жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру объектісі болып табылады.

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтандырудың кепілдік берілген түрлеріне жатады.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi шеңберінде салымшы білім беру кредитін жеңілдетілген шарттармен алуға өтініш білдіруге құқылы. Білім беру кредиті қарыз алушыға жинақталған сома оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кем дегенде елу пайызы мөлшерін құраған кезде қатысушы білім беру ұйымында оқу құнының ұлғаю сомасына оны түзету мүмкіндігімен қалған сомаға кредитордың кредиттік желі ашуы арқылы мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Қатысушы білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысатын салымшыға немесе пайда алушыға тараптардың келісімінде айқындалатын мөлшерде оқуға ақы төлеу үшін жеңілдік беруге құқылы.

 

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

  Президенті

 

       Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2013 жылғы қаңтардың 14-і.

           № 67-V