(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ Т...

Предыдущая страница

5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.

Осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлға әділет органдарында мемлекеттік (есепке алыну) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркелу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.

3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу басқа негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, осындай көмекші өткізу орны негізгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны болып танылады.

4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның ішінде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезінде, ол:

жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінбейтін;

жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетілмейтін;

жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бір мезгілде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.

5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезінде бір тармақшадағыдан артық көрсетілген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың ішіндегі реті бойынша біріншісі болып айқындалады.

 

237-бап. Өткізу бойынша айналым жасау күні

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізу бойынша айналым жасау күні:

егер тауар тұрған жерінде берілуге тиіс болса, тауарды шарттың талаптарына сәйкес оның тұрған жерінде сатып алушыға немесе ол айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні;

егер сатушының тауарды сатып алушыға оның тұрған жерінде беру жөніндегі міндеті көзделмесе, тауарды шарт талаптарында айқындалған орында сатып алушыға немесе ол сенім білдірген тұлғаға беру күні болып табылады.

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасау күні жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күні болып табылады.

Бұл ретте қол қойылған:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күн деп танылады.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

Егер осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткізу бойынша айналым жасау күні алушыға тауар меншігінің құқығы берілген күн болып табылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тауарларды экспорт кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда өткізу бойынша айналым жасау күні:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткізу пунктінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткен күн;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

2) мына жағдайларда:

тауарларды мерзімдік кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда;

тауарларды уақытша кедендік декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні болып табылады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

3-1. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарлар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген жағдайда:

1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауарды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдаланбай, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде Кеден одағының кеден шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өткен күн;

2) тауарларды мерзімдік немесе уақытша декларациялауды пайдалана отырып, экспорттың кедендік рәсімінде әкеткен кезде кедендік ресімдеуді жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға толық декларацияның тіркелу күні тауарларды өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.

4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл беруші үшін мына күндердің бірі:

1) кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл тұрғысынан кепілге салынған мүлікті өндіріп алу айналысы процесінде жүргізілген сауда-саттықтың жеңімпазына ауысқан күн;

2) егер сауда-саттық өтпеді деп жарияланса, кепіл тұрғысынан кепіл затына меншік құқығы кепіл берушіден кепіл ұстаушыға ауысқан күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

5. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде, осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көрсетілген салық салынатын айналым бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн:

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

1) қосылған құн салығын төлеушінің қосылған құн салығы бойынша тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтініші немесе осы Кодекстің 37, 39, 39-1, 40 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініші берілген күн;

2) салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстің 571-бабының 6-тармағында көрсетілген күн болып табылады.

6. Лизинг берушінің лизинг алушы негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруін қоспағанда, қаржы лизингіне берген кезде өткізу бойынша айналым жасалған күні:

1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген кезең-кезеңдік лизингтік төлемді лизинг берушінің алу мерзімінің басталу күні;

2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизинг берушінің лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады;

3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген кезде, түпкілікті есеп айырысу күні қаржы лизингінің осы шарты бойынша өткізу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.

7. Лизинг алушының (сатушының) негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг беруші берген кезде өткізу бойынша айналым жасау күні мүлікті қаржы лизингіне берген күн болып табылады.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Күнтізбелік жыл ішінде осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар болмаған кезде:

1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннің;

2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнің қайсысы бiрiншi басталса, сол күн өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сатып алған жағдайда, қол қойылған:

орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттер арасында қол қойылған, жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде темір жол ынтымақтастығы саласындағы шарттарға (келісімдерге) сәйкес ресімделген, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні сатып алу бойынша айналым жасау күнi деп танылады.

Егер осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні көрсетілмесе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ресімделген күн жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарда жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні бір күннен артық болған кезде оның неғұрлым ертерек күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні болып табылады.

 

 

30-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ

 

238-бап. Салық салынатын айналым мөлшері

1. Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.

Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.

Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:

Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),

мұнда:

Қ та - өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;

ҚҚС са - тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

М пқ - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;

Тн - есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;

ҚҚС % - қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.

3. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

3-1. Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:

кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;

кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.

4. Кепіл берушіге кепілге салынған мүлікті (тауарды) берген кезде кепіл берушідегі салық салынатын айналым мөлшері өткізілетін кепілдіктегі мүлік (тауар) құны негізінде, бірақ осы мүлікті (тауарды) кепілге беруден алынған заем қаражаты сомасынан төмен емес болып, оған қосылған құн салығы енгізілмей, айқындалады.

5. Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.

6. Ушінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.

Салық салынатын айналым мөлшеріне бір мезгілде мынадай:

1) тауардың осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, өңдеушіге алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан жасалған өңдеу өнімі болып табылуы;

2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, оған алыс-беріс негізінде берілген шикі мұнайдан акцизделетін тауар жасаған тұлғаның акциз сомасын төлеуді жүзеге асыруы талаптары сақталған кезде акциз сомасы енгізілмейді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Тауарларды сатып алу күні қолданыстағы Қазақстан Республикасының салық салық заңнамасына сәйкес олар бойынша сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылмайтын тауарларды өткізу кезінде салық салынатын айналым мөлшері тауардың өткізілу құны мен осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленетін баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

9. Қосылған құн салығынсыз сатып алынған жер учаскесін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын берген кезде өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 87-бабында көзделген тәртіппен жер учаскелерін өткізу кезіндегі құнның өсімі ретінде айқындалады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

10. Қайтарымды лизинг шарты бойынша берудi қоспағанда, лизинг алушының негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:

1) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген мөлшері негізінде;

2) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы негізінде;

3) осы Кодекстің 237-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген айналым жасау күніне - қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын, қаржы лизингі бойынша сыйақы мен қосылған құн салығының сомалары енгізілмеген барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналым жасаудың алдындағы күндерге келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

11. Лизинг алушының (сатушының) негізгі құрал, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, биологиялық активтер ретінде алуына жататын мүлікті қайтарымды лизинг шарты бойынша беру кезінде өткізу бойынша айналым мөлшері осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.

.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

12. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның көлік экспедициясының шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.

13. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде салық салынатын айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сату кезінде берілген мүліктің:

1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;

2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есеп деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құнының негізінде айқындалады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда

14. Сенім білдірілген тұлға сенім білдірушінің атынан және соның есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде сенім білдірілген тұлғаның салық салынатын айналымының мөлшері оның тапсырма шарты бойынша сыйақысы негізінде айқындалады.

15. Комиссия шартының талаптарына сай келетін жағдайларда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде комиссионердің салық салынатын айналым мөлшері оның комиссиялық сыйақысы негізінде айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

16. Мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн, оған қоса олардың жалпыға бірдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлердiң интернет-ресурсында орналасқан өнiмдерiн өткiзген кезде салық салынатын айналымның мөлшерi есептi салық кезеңiнде мерзiмдi баспасөз басылымдарын және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң өткiзiлген бөлiгiне келетiн құны негiзiнде айқындалады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

17. Осы Кодекстiң 78-бабында белгiленген талаптар бұзылған жағдайда мүлiктi қаржы лизингiне беру кезіндегі салықтан босатылған айналым мөлшерi осы Кодекстiң 237-бабының 6-тармағында көрсетiлген айналым жасалған күннен бастап салық салынатын болып танылады.

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 18-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара

18. Бұрын экспорттың кедендік рәсімінде тауарды әкетуді жүзеге асырған салық төлеушінің осы тауар кері импорттың кедендік рәсімінде әкелінген кезде салық салынатын айналымының мөлшері қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда тауарды экспортқа өткізу бойынша айналым көрсетілген осы тауар құнының негізінде, әкелінген тауардың экспортты ресімдеген кезде қолданылған өлшем бірлігіндегі көлеміне пропорционалды айқындалады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 19-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19. Шетелдiк валютамен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күнгi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен - теңгемен қайта есептеледi.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 20-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

20. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы бөлімнің салық салынатын айналым мөлшерін айқындау (оның ішінде оны түзету) жөніндегі ережелері салық салынбайтын айналым мөлшерін айқындау кезінде де қолданылады.

 

239-бап. Салық салынатын айналым мөлшерін түзету

1. Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің құны қандай да бір өзгеріске түскен жағдайда, салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

2. Салық төлеушінің салық салынатын айналым мөлшерін түзету:

2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

1) кері импорттың кедендік рәсімінде әкелуді қоспағанда, бұрын экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген тауарды тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;

2) мәміленің шарттары өзгерген;

3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін бағалар, өтемақылар өзгерген;

4) бағаны түсірген, сату бағасын түсірген;

5) өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін теңгемен төлеу кезінде құнының айырмасын алған;

6) осы Кодекстің 231-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.

3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналымның мөлшерін түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, түзету жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттар болған;

2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні бар қосымша шот-фактура болған кезде жүргізіледі.

Салық салынатын айналым мөлшерін азайту жағына қарай түзету осындай тауарларды өткізу, осындай жұмыстарды атқару, осындай қызметтерді көрсету бойынша бұрын көрсетілген айналым мөлшерінен аспауға тиіс.

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салық кезеңінде жүргізіледі.

Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын түзету сомасы өткізу айналымы жасалған күнге қолданыстағы ставка бойынша айқындалады.

 

240-бап. Күмәнді талаптар бойынша салық салынатын айналым  мөлшерін түзету

1. Егер өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін талаптың бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап болып табылса, қосылған құн салығын төлеушінің мынадай жағдайларда:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) күмәнді талаптың туындауына байланысты қосылған құн салығы ескерілген салық кезеңінің басынан бастап үш жыл өткен соң;

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) банкрот деп танылған дебиторды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңінде салық салынатын айналым мөлшерін осындай талап бойынша азайтуға құқығы бар.

Осы тармаққа сәйкес салық салынатын айналым мөлшерін түзету осы Кодекстің 105-бабында аталған жағдайлар сақталған кезде жүргізіледі.