«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 285-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Жерді пайдалану мен қорғаудың, геодезиялық және картографиялық қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйі мен дамыту үрдісінің талдауы» деген 2-бөлімде:

«Жерді ұтымды пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру» деген

1-стратегиялық бағытта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жерді ұтымды пайдаланудың және қорғаудың жай-күйінің реттелетін саласын дамытудың негізгі параметрлері.

Қазақстан Республикасы алаңы 272,5 миллион гектар жерді құрайтын кең аумақты алып жатыр.

Қазақстанның құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзындығы 13 349,85 километрді (бұдан әрі - км), оның ішінде: Ресей Федерациясымен - 7548,1 км, Өзбекстан Республикасымен - 2351,4 км, Қытай Халық Республикасымен - 1782,8 км, Қырғыз Республикасымен - 1241,6 км, Түркіменстан Республикасымен - 426 км құрайды.

Қазақстан Республикасы жер теңгерімінің 2012 жылғы 1 қаңтарға арналған деректері бойынша республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымының жүйесіне 14 облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, 161 әкімшілік аудан, 231 қала мен кент, сондай-ақ 6789 АЕМ кіреді. Бұдан басқа, республикада 2453 ауылдық (селолық) округтер қалыптасқан.

Жер санаттары бойынша республиканың жер қоры мынадай түрге бөлінеді (1-кесте) (мың га):

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.