Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 Қаулысы
(2025.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2025.29.03. № 188 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 196-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік меншік объектілерінің, сондай-ақ меншігінде мемлекеттің үлесі бар объектілердің жұмыс істеуіне және оларды басқарудың тиімділігіне кешенді мониторинг жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 шілдедегі № 998 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 347-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.