«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1413 қаулысымен
бекітілген
Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттік есепке алу және бақылау тәртібін айқындайды.
2. Зоологиялық коллекцияларға ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелiк және эстетикалық құндылықты танытатын, белгiленген тәртіппен тіркелген:
1) тiрi организмдердің;
2) жануарлар түрлерi мен олардың бөлiктерiнiң дымқыл және құрғақ препараттарының;
3) тұлыптарды, ұшаларды, терілерді, сүйек қаңқаларын және олардың бөлiктерiн қоса алғанда, ылғалды және құрғақ тiркелген организмдердiң;
4) жұмыртқалардың жүйелендiрiлген жинақтары жатады.
3. Зоологиялық коллекцияларға:
1) үй жағдайларында, жанды мүйiстерде, виварийлерде, серпентарийлерде және инсектарийлерде, аң фермаларында, зоологиялық дүкендерде, сауда базаларында және өзге де сауда ұйымдарында ұсталатын тiрi жануарлардың жинақтары;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.