«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 332 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне эмитенттерді және олардың бағалы қағаздарын қор биржасында айналысқа жіберу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 332 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 Қаулысымен күші жойылды

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының «Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы» 2008 жылғы 8 мамырдағы № 04.2-09/119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5223 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 6 маусымда № 85 (1311) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен белгіленген Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Талаптардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі ақша тарту, оның ішінде өзінің жалғыз құрылтайшысының (қатысушысының, акционерінің) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру жолымен ақша тарту болып табылатын заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.