Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 қазандағы № 1137 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің, кен орындарының тізбесі бекітілсін.
2. «Стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерінің (кен орындарының) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 тамыздағы № 1213 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.