Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 51 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бірыңғай есепті одан әрі жетілдіру мақсатында, 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5854 санымен тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53-бұйрығына:
осы бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы Нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған есепке алу Комитетімен электрондық деректер банкін (бұдан әрі - орталықтандырылған деректер банкі немесе ОДБ) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»;
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын: