Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 815 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 920 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
| Министр | С. Қайырбекова |
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 20 қарашадағы № 815
бұйрығына қосымша
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологиясының
тізбесі
1. Қымбат бағалы/бірегей/сирек кездесетін операциялар
| р/с № | Код | Технологияның атауы | |
| Жүрек-тамыр жүйесі | |||
| 1. | 00.50 | Дефибрилляция жүйесін жалпы есекермей бивентрикулярды электрокардиостимуляторды имплантанттау (CRT-Р) | |
| 2. | 00.51 | Кардиоресинхрондаушы дефибриллятордың имплантациясы, жалпы жүйе (crt-d) | |
| 3. | 35.2201 | Аорталық қалқаншаны тері астылық транскатетерлік импланттау | |
| 4. | 37.66 | Имплантацияланатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу | |
| 5. | 39.73 | Кеуде қолқасына эндоваскулярлық имплантант | |