«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 8 бұйрығы

«Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 қаңтардағы № 8 бұйрығы

 

Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 16 тамызда № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесінде:

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесіне қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.