«Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 561 бұйрығы (күші жойылды)

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілігі тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 561 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 5-тармағы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдарының есептілік тізбесі мен мерзімділігі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіптік ұйымдары ұсынатын есептілік нысандары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлердің кәсіптік сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың есептілік тізбесі мен мерзімділігі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аккредиттелген кәсіптік ұйымдар ұсынатын бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөнінде есептілік нысандары бекітілсін.

2. Аккредиттелген кәсiби бухгалтерлер ұйымдары мен бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау бойынша аккредиттелген ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетіне осы бұйрықпен бекітілген тізбе, нысандар мен мерзімділігі бойынша есеп ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті осы бұйрыққа 4-қосымшаға 5 нысандағы есеп негізінде кәсіби бухгалтерлердің тізімін қалыптастыруды оны бұдан әрі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің web-порталында орналастыруды қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырсын.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.