«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1656 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген 1.1 -мақсатта:
«Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыру» деген 1.1.1 -міндетте:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу нәтижелерін тәжірибеге ендіру» деген реттік нөмірі 14-жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «X» деген белгі алынып тасталсын;
«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-бөлімде:
«Мемлекеттік органның стратегиялық бағытын, мақсаты мен міндетін іске асыру бойынша іс-шаралар» деген бағанда;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«ССЖ енгізу 2013 жыл»;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
«Бюджеттік багдарламалар» деген 7.1-кіші бөлімде:
004 «Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:
«2012 жыл» деген бағанда:
тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:
«Қоршаған ортаны қорғау объектілерін салу және реконструкциялау бойынша іске асырылатын инвестициялық жобалардың саны» деген жолда «1» деген сан алынып тасталсын;