Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы
№ 149 қаулысына 3-қосымша
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы редакция 2012 жылғы 26 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызметі мекен-жайы осы регламенттің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасында көрсетілген, «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган), осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және «электрондық үкімет» порталы www.e-gov.kz (бұдан әрі-Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (құрамында медиа-бөлулері бар электронды мемлекеттік қызметтер).
4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық қызмет көрсету.
5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлғаға, сонымен қатар дербес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерге берілетін бірегей нөмір (бұдан әрі-ЖСН);
2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпарат беруге, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);
3) медиа-бөлу - қызмет көрсетулер кезінде құжаттарды электрондық нұсқадан қағазға немесе керісінше аудару керек болғанда электрондық және қағаз нұсқасындағы құжат айналымын кезегімен алмастыру;