Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6877 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шарттың жалпы талаптары:
1) шарт жасасқан күн;
2) банктік заемның (бұдан әрі - заем) мақсаты, бір айдан аспайтын мерзімге берілген заемды, кредиттік желі аясында төлем карточкалары бойынша берілген шарттарды, овердрафт кредитін, сондай-ақ оның аясында займ алу үшін займ беру туралы шарт (шарттар) жасасу қажет болатын кредиттік желіні ашу туралы келісімді қоспағанда, бизнес-жоспарға немесе заемның техника-экономикалық негіздемесіне және (немесе) заемшының өтінішіне сәйкес келеді;