Білім саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 351 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
2) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;