«Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1706 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 243 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген 2-бөлім осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлім осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
«2012» деген бағанда:
«Жер қойнауын пайдалануға байланысты мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық қамту деңгейіне қол жеткізу: тауарлар бойынша жұмыстар, қызметтер бойынша» деген жолдағы «82,4» деген сандар «67,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Министрліктің, комитеттің қызметін қамтамасыз ету» деген жолдағы «507801» деген сандар «506556» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдағы «848248» деген сандар «847003» деген сандармен ауыстырылсын;
006 «Мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібінің нормативтік-техникалық базасын жетілдіру» деген бюджеттік бағдарламада:
«2012» деген бағанда: