Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 31 бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 23-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес (бұдан әрі - Экономикалық кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына 1-қосымша
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу бойынша Үйлестіру штабының жанында денсаулық сақтаудың
мемлекеттік ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақтандыру бойынша
Экономикалық Кеңестің құрамы