«Балық аулау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 64 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Балық аулау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 136-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Балық аулау ережесінде:
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Балықтың кәсіпшілік мөлшері (аузы жабық кезде) тұмсығының ұшынан құйрық қанатының орталық жарықшағы негізіне дейін өлшенеді және осы ереженің қосымшасына сәйкес белгіленеді. Шаяндардың кәсіпшілік мөлшері көзінің ортасынан құйрық тілімшесінің аяғына дейін өлшеумен айқындалады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Балықтардың бекіре тұқымдас түрлері ауға түсіп қалған жағдайда тіршілік етуге қабілетті дарақтары табиғи мекендейтін ортасына жіберілуге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (шалажансар) дарақтары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс.»;
11-тармақ алынып тасталсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) белгіленген тәртіппен берілетін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатсыз (бұдан әрі - рұқсат) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын алып қоюға;»;
13) тармақша алынып тасталсын;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) балық аулауға тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған мерзiмде балық уылдырық шашатын кезеңде балық аулау жарыстарын және басқа да бұқаралық iс-шаралар жүргiзуге;
18) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерi мен оларға iргелес жатқан су қорғау аймақтарында көлiк құралдарын жууға»;
мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) осы ереженің қосымшасында белгіленген кәсіпшілік мөлшерден кем балықты алуға жол берілмейді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Алып қойылған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының саны жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатта немесе жолдамада (әуесқойлық (спорттық) балық аулау кезінде) немесе кәсіпшілік журналында белгіленеді.
Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін алып қоюмен жүзеге асырылған кезде, алып қойылған балық ресурстары мен басқа да су жануарларының санын белгілеуді қажет етпейді.»;
20-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) рұқсаттарда көзделмеген аулау құралдары мен тәсілдерін қолдануға;»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын тұлғалар әр ауланымды түрлер бөлінісінде кәсіпшілік журналына тіркейді.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға 5 данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ шаяндар мен басқа да су жануарларын және омыртқасыздарды аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі. Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде пайдаланылады.
25. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз, осы ереженің, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салудың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.»;
26 және 28-тармақтар алынып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Ғылыми-зерттеу үшін аулау балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналында аулаудың уақыты мен орны, қолданылған аулау құралдары көрсетіле отырып белгіленеді. Журналда балық аулауды жүргізуге жауапты адамдар туралы деректер және осы квотаны одан әрі пайдалану жөніндегі ақпарат та көрсетіледі.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Аумақтық бөлімшенің ихтиологиялық қызметінің негіздемесі және басшының бұйрығы бақылау үшін аулауды жүргізуге негіздеме болып табылады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Мелиоративтік аулауды осы су айдыны және (немесе) учаске бекітілген балық шаруашылығы субъектісі, ал резервтік қорда мелиоративтік аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат алған басқа да жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.»;
60-тармақ алынып тасталсын;
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.