(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.07.05 № 584 ҚАУЛЫСЫ

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 584 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидалары бекітілсін.

2. «Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 128 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 74-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 7 мамырдағы

№ 584 қаулысымен

бекітілген

 

 

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасында парниктік газдар шығарындыларына квота беру тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) квоталанатын қондырғы операторының шоты - парниктік газдар шығарындыларын квоталау бойынша талаптарға жатқызылған, табиғат пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде ашылатын есепшоттың түрі;

2) қондырғы операторы - жұмыс істеуі парниктік газдар шығарындыларын көздейтін, Қазақстан Республикасының аумағында меншігінде немесе заңды пайдалануында қондырғысы бар заңды тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.