«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 71 бұйрығы (күші жойылды)

«Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 647 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 71 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылдың 30 желтоқсандағы № 647 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5480 тіркелген, Қазақстан Республикасы 2009 жылғы № 4 Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік орталық органдардың актілерінің жинағында жарияланған) бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті мазмұнның көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау ережесінде:

1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Г.Ә. Әмрина) белгіленген тәртіп бойынша осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Министр

Б. Жәмішев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.